02 Шілде, 2016

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бұйрығы №11-1-2/359

270 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
  2015 жылғы 27 тамыз,  Астана қаласы «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 08-1-1-1/648 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларының 27-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 08-1-1-1/648 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10104 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 ақпандағы № 28 (28506) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесінде: 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8. «Қанағаттанарлықсыз» деген баға алған қызметші мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш қабылданған тұлғаға тәлімгер ретінде бекітілмейді.»; жоғарыда көрсетілген әдістемеге қазақ тіліндегі 2-қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Әкімшілік және бақылау департаменті: 1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы А.Б. Қарашевқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Е.ЫДЫРЫСОВ Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 30 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №12126 болып енгізілді.
Соңғы жаңалықтар

Терраса тақтасы

Ғылым • Кеше